Ауа райы
Астана -12 °С
Алматы -4 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Жамбыл облысында бақташының сарайынан 2 қап есірткі табылды

2020 жылдың 11 қараша 2020 14:53

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысының полицейлер 9,5 келі кептірілген марихуана сақтаған тұрғынды ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Байзақ ауданының құмды аймағында орналасқан шаруа қожалықтарының бірінде бақташы болып жұмыс істей жүріп, ер адам жабайы қарасора бұталарын жұлып алып, кептіріп, ұнтақтап, екі қапқа жинаған.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, с алмағы 9 килограмм 500 грамм болатын есірткі затын 34 жастағы ер адам жылқыға артып, шаруа қожалығына жеткізген.

«Полицейлер оны сарайдан тапқан. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде»,- делінген ведомство хабарламасында.


Жоғары қарай