Ауа райы
Астана 2 °С
Алматы 12 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Жамбыл облысында КВИ жұқтырғандардың 98 пайызы аурудан айыққан

2020 жылдың 24 қыркүйек 2020 02:41

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысында коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың жалпы санының 98 пайызы вирустан айығып кетті. Бұл туралы облыстық жедел штабтың кезекті отырысында айтылды,- деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жағдай біртіндеп жақсарып келеді. Дегенмен, COVID-19 ауруының таралу қаупі әлі де сақталып отыр.Өңірлік жедел штабтың кезекті отырысында денсаулық сақтау басқармасының бастығы Әсет Қалиев медицина мекемелерінің коронавирустың ықтимал екінші толқынына дайындығы туралы баяндады.

Қазір дәрігерлер оқиғаның өрбуінің бірден бірнеше нұсқасын қарастырып, коронавирустың жағдайына байланысты «қызыл», «сары» және «жасыл» секілді үш деңгейді негізге алып отыр. Келесі деңгейге өткеннен кейін қосымша төсек-орындар ашылып, коронавируспен күреске тартылған медицина қызметкерлерінің саны арта түседі.

Бүгінде барлығы 2530 төсек-орын дайындалды десек, оның 253-і жансақтау бөліміне тиесілі. Медицина мекемелері 183 ӨЖЖжасанды тыныс алу аппараты, 706 оттегі баллоны, 542 оттегі концентраторы, 1009 импульстік оксиметр, 19 сандық рентген аппараты, 10 компьютерлік томография және 7 магниттік-резонанстық томографиямен жабдықталған. Сондай-ақ, келесі айда 74 жасанды тыныс алу аппараты, жеті КТ, төрт сандық рентген аппараты, төрт оттегі станциясы, сондай-ақ 61 жедел жәрдем көлігі, сегіз жылжымалы медициналық кешен және 100 көпфункционалды төсек жеткізіледі деп отыр. Жеке қорғаныс құралдарының екі айлық қоры қалыптасқан.

16 қыркүйектегі жағдай бойынша, өңірдің медициналық ұйымдарында дәрі-дәрмектің стационарлық деңгейде бір айлық, ал амбулаториялық деңгейде екі айлық қоры қалыптасқан. «СК-Фармация» ЖШС өтініштерге сәйкес антикоагулянттар, антибиотиктер, вирусқа қарсы, ыстықты түсіретін препараттар мен дәрумендерді одан әрі жеткізуді жалғастыруда.


Жоғары қарай