Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Жамбыл облысында теміржол көпірін су шайды: пойыз қозғалысы тоқтатылды

2021 жылдың 15 тамыз 2021 23:11

МЕРКІ. ҚазАқпарат - Жамбыл облысы Меркі ауданы тауларында қалың жауған қар аралас нөсер салдарынан жергілікті автожол және Аспара-Шу аралығындағы теміржол көпірінің тірегін су шайып кетті. Бұл Туралы ҚазАқпарат ҚТЖ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Жасанды су өткізу құрылымдары толық режимде жұмыс істеді, бірақ теміржол көпірінің тірек негіздері су көлемінің ауқымы мен қысымы салдарынан шайылып кетті. Қазір жүк және жолаушылар пойыздарының қозғалысы тоқтатылды. Қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Зардаптарды жою үшін арнайы теміржол және автотракторлық техника, темір жол көлігінің 75 қызметкері жұмылдырылды. Оқиға орнына қажетті материалдар (шпалдар, рельстер, қиыршық тас, кесек тас) жеткізілді. Жұмысты 16 тамыз күні таңертеңгісін аяқтау жоспарлануда.

Осыған байланысты мына бағыттар:

- №712 Шымкент-Нұр-Сұлтан Нұрлы жол бағыты;

- №78 Маңғыстау - Алматы-2 қатынасымен;

- №42 Атырау-Алматы-2 қатынасымен;

- №23 Алматы - 1 бағыты-Ақтөбе;

– № 29 Алматы -2-Атырау бағыты;

- №33 «Алматы-2 – Ақтөбе» бағыты бойынша жолаушылар пойыздарының кешігуі күтілуде.

Толығырақ ақпарат алу үшін жолаушылар теміржол вокзалдарының анықтама бюросына немесе 105 бірыңғай анықтама қызметіне хабарласу қажет.


Жоғары қарай