Ауа райы
Астана -23 °С
Алматы -10 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Жамбыл облысында төрт түліктің саны 4 миллионға жуықтады

2020 жылдың 30 қазан 2020 14:01

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысында мал басы 5,3 пайызға өскен. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Берік Нығмашев баяндады,- деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ағымдағы жылдың қаңтар-қыркүйек айларында Жамбыл облысында ауыл шаруашылығы өнімі 273 млрд. теңгені құрап, 103,4 пайызғаға өскен. Оның ішінде егін шаруашылығы өнімі 164,9 млрд. теңгеге өндіріліп, 104,7 пайызға артты. Ал, мал шаруашылығында 106,8 млрд. теңгенің өнімі өндіріп, 101,6 пайызға артып отыр.

«Аймақтағы төрт-түліктің саны 3,9 млн. басқа жетіп, 5,3 пайызға артқан.
Жыл басынан бері ауыл шаруашылығына 22,5 млрд. теңге инвестиция салынып, өсім 103,9 пайызға дейін жетіп отыр. Бүгінгі күнге жоспарланған 359,3 мың гектар дәнді масақты дақылдары орылып, барлығы 817 мың тонна дән бастырылды. Орташа өнімділігі әр гектардан 22,7 центнерді құраған»,-дейді Берік Нығмашев.
Айта кету керек, ағымдағы жылы су үнемдеу технологиясы 30 мың гектарға ендіріліп, 2019 жылмен салыстырғанда 10 мың гектарға артқан.


Жоғары қарай