Ауа райы
Астана 22 °С
Алматы 25 °С
валюта бағамы
USD 408.61
EUR 454.09
RUB 5.86
CNY 57.28

Жамбыл облысында Ұлттық гвардия сарбаздары өртенген үй тұрғындарын құтқарып қалды

2020 жылдың 15 ақпан 2020 14:35

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жамбыл облысы Қордай ауданы Сортөбе ауылында қоғамдық тәртіпті және қауіпсіздікті сақтау қызметі кезінде гвардиялықтар өртеніп жатқан үйден 5 адамды, оның ішінде 3 баланы эвакуациялады. Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР ІІМ Ұлттық гвардияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Бүгін таңғы сағат 7.30 шамасында 6654 әскери бөлімінің жасағы тұрғын үйлердің бірінен түтін байқаған. Бұл туралы дереу Ұлттық ұланның жедел штабының офицеріне хабарланды. Жедел штаб үш минут ішінде екі өрт сөндіру бригадасын оқиға орнына жіберді.







Капитан Ержан Арыстанбеков және патрульдік жасақ Ерқанат Базарбай мен Нұрбек Дүйсенбин өртенген үйден 5 тұрғынды, оның ішінде 3 баланы эвакуациялады. Сондай-ақ өрт аумағы қоршауға алынған.

«Өрт сөндірушілер апаттық-құтқару жұмыстарын жүргізді. Оқиғаның себептері анықталуда, ешкім зардап шеккен жоқ.





Жоғары қарай