Ауа райы
Астана -6 °С
Алматы -3 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Жамбыл облысында ұсақ шаруа қожалықтары 10 агрохолдингіге бірігуде

2020 жылдың 28 қазан 2020 13:01

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысындағы ұсақ шаруа қожалықтары 10 агрохолдингіге бірігуде, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгінгі таңда облыста 18 мыңнан астам шаруа қожалықтары бар десек, олардың көбісі ұсақ шаруашылықтар болып табылады. Ал, бұл шаруашылықтардың өнімділігі мен техника алу мүмкіндіктері өте төмен.

Осыны ескерген облыс әкімі Бердібек Сапарбаев облыстағы ұсақ шаруашылықтардың басын қосып агрохолдинг құруды және әр агрохолдингке қажетті техникаларды «Тараз» микроқаржы ұйымы арқылы лизингке алып беруді тапсырған болатын.

Осыған байланысты облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының м.у.а. Қайрат Амановтың төрағалығымен жиын өтіп, оған аудан әкімінің орынбасарлары мен ауыл шаруашылығы бөлімінің басшылары және агрохолдинг жетекшілері қатысты.

10 ауданда құрылған агрохолдингтерге берілетін техникалардың саны мен қаражат көлемі талқыланған жиында Қайрат Аманов холдингтердің құрамында бірінші кезекте агроном, инженер, есепші сияқты мамандары мен техника қоятын орындары болу керектігін атап өтіп, бұл жұмыстарды жеделдетуді тапсырды.

Жиын соңында қажетті көлемі нақтыланған техникаларды алу бойынша ұсыныс «Тараз» микроқаржы ұйымына жолданды.

Айта кету керек, қазіргі уақытта облыстың барлық ауданында 10 агрохолдинг құрылған. Алдағы уақытта бұл ұйымдар ұсақ шаруа қожалықтардың көктемгі және күзгі дала жұмыстырын жүргізуге өз септігін тигізетін болады.


Жоғары қарай