Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Жамбыл облысында жаппай төбелестен 2 адам көз жұмды, біреуі – ауруханада

2021 жылдың 27 қазан 2021 17:05

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысында бірлесіп ішкен ішімдік салдары қайғылы жағдайға әкелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық Полиция департаментіне сілтеме жасап.

Шу қаласындағы жеке тұрғын үйлердің бірінде 5 азаматтың бірлесіп ішімдік ішу отырысының соңы төбелеске ұласқан.

Пышақ жарақаттары салдарынан 2 адам қаза болып, тағы 1 адам Шу қалалық ауруханасының жансақтау бөліміне жатқызылды.

«Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 99-бабы 2-бөлігі 1-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Жүргізілген тергеу әрекеттерінің нәтижесінде жергілікті екі тұрғын анықталып, ұсталды», - делінген хабарламада.

Қылмыстық іс бойынша тергеу жүргізіліп, бірқатар сараптама тағайындалды.

Полиция мәліметінше, ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге деректері жария етуге жатпайды.


Жоғары қарай