Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Жамбыл облысында жаяу жүргіншілер кінәсінен жолда 8 адам қаза тапқан

2021 жылдың 23 мамыр 2021 23:16

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысында жыл басынан бері жаяу жүргіншілердің кінәсінен 113 жол-көлік оқиғасы орын алған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жол-көлік апаттары салдарынан 8 адам қаза тауып, 109 адам түрлі жарақат алды. Соның ішінде кәмелетке толмағандардың қатысуымен 39 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 42 бала зардап шекті.

«Ағымдағы жылдың 4 айының қорытындысы бойынша жаяу жүргіншілердің және жол қозғалысының өзге де қатысушыларының жол жүру ережелерін бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 615-бабы бойынша 3 338 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды», - делінген облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.

Тәртіп сақшылары азаматтарды жол жүру ережелерін қатаң сақтауға шақырып, қауіпсіздік шараларын бұзбауды ескертеді.


Жоғары қарай