Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Жамбыл облысындағы оқ-дәрілер қоймасын саперлер тексеріп жатыр

2021 жылдың 28 тамыз 2021 16:18

ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев өрттен зардап шеккен Жамбыл облысындағы оқ-дәрілер қоймасының аумағын қарап шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ведомствоның баспасөз қызметіне сіллтеме жасап.

Оқиға орнында ол Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин және Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевпен кеңес өткізді.

«Өрт салдарын жоюға қатысты бірлескен іс-қимылдар үйлестірілді. Негізгі күш-жігер халықтың қауіпсіздігін 100% қамтамасыз етуге бағытталған.

«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының инженерлік әскерлері оқ-дәрілер қоймасының аумағын тазартуға кірісті. Бөлімшелер қалыптық мина тартқышпен жабдықталған инженерлік және бронды транспортерлерді пайдалануда», делінген хабарламада.

Әскери саперлер теміржол учаскесі мен жақын маңдағы елді мекендерге инженерлік барлау және тазалау жұмыстарын жүргізді.
















Жоғары қарай