Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Жамбыл облысындағы жарылыстан зардап шеккен тағы бір өрт сөндіруші қайтыс болды

2021 жылдың 11 қыркүйек 2021 16:29

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жамбыл облысындағы жарылыстан зардап шеккен тағы бір өрт сөндіруші қайтыс болды, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.

«Бүгін Жамбыл облысындағы жарылыстан зардап шеккен 1993 жылы туған өрт сөндіруші қайтыс болды. Ол бұған дейін Нұр-Сұлтан қаласындағы Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институының ауруханасына жеткізіліп, сол жерде ем алып жатқан болатын» делінген хабарламада.

Осылайша Жамбыл облысындағы жарылыс салдарынан қаза тапқандар саны он жеті адамға жетті. Оның ішінде 10 азаматтық қорғау органдарының қызметкері, Қорғаныс министрлігінің 6 әскери қызметкері және бір әскери прокурор. Жоғалған тағы бір адам іздестірілуде.


Басты сөздер: Оқиға, Жамбыл облысы,
Жоғары қарай