Ауа райы
Астана 9 °С
Алматы 3 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Жамбыл облысының Мойынқұм ауданында 18 мың гектарды шарпыған дала өртінің таралуы шектелді

2020 жылдың 21 шілде 2020 13:50

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысының Мойынқұм ауданындағы ірі дала өртінің таралуы тоқтатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Төтенше жағдайлар комитетіне сілтеме жасап.

Еске сала кетсек, 18 шілде күні кешке Жамбыл облысының Мойынқұм ауданындағы Мойынқұм ауылынан 180 шақырым жерде қураған шөп пен сексеуіл өртенген. Оны сөндіруге 266 адам, 61 техника және 1 тікұшақ жұмылдырылды. Бұл Жамбыл облысының ТЖД, «Мойынқұм, Байзақ, Меркі, Қосқұдық, Қордай және Жуалы орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекемелері» КММ, Мойынқұм ауданының ерікті өрт сөндіру құрылымдары, «Қазавиаорманқорғау» РМК күштері.

21 шілдеде сағат 09:45-те шамамен 18 мың гектарды шарпыған өрттің таралуы шектелді. Жағдайды бақылау үшін «Қазавиақұтқару» мекемесінің МИ-2 тікұшағы аумақтың үстінен ұшып өтті.





15 м/с кей жерлерде жылдамдығы 23 м/с жеткен күшті жел өртті сөндіруге кедергі жасады. Дала өрті елдімекендерге қауіп төндірмеді.

Айта кетерлігі, тек 20 шілдеде 27 табиғи өрт тіркелген. Төтенше жағдайлар комитеті Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Павлодар, Қостанай, Қарағанды облыстарындағы 15 табиғи өртті бақылауда ұстап отыр. Онда өрттерді сөндіру үшін барлық шаралар қолға алынған.





Бұдан басқа, кеше Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай облыстарында даладағы қураған шөп өртеніп, олар сөндірілді.

Осы өңірлерде дала өрті жалпы ауданы 4 501 гектарды шарпыған. Оның ішінде Ақтөбе облысындағы өрт 3 600 гектарға таралған. Өртті сөндіруге ТЖД, ерікті өрт сөндіру құрамалары, орман шаруашылықтарының күштері жұмылдырылды.





Жоғары қарай