Ауа райы
Астана 11 °С
Алматы 17 °С
валюта бағамы
USD 443.50
EUR 479.47
RUB 5.79
CNY 62.51

Жамбыл тұрғыны жемістерден чипсі дайындайды

2020 жылдың 25 ақпан 2020 21:41

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – «Бизнес бастау» жобасы аясында оқыған Гүлфайруз Рахметова жемістен жасалатын чипсілер өндірісін қолға алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Байзақ ауданының Құмжота ауылында тұратын жас кә­сіпкер 29 жасқа дейінгі қай­тарымсыз грантты жеңіп алып, мемлекет тарапынан беріл­ген 1,5 миллион теңгеге ие болған. Ол қаржыға көкөніс­терді кептіретін аппарат сатып алып, қазір үйінен түрлі жемістерді кептіріп, чипсілер шығаруда.

Жас кәсіпкер чипсілерді алма, апельсин, киви, ананас секілді жемістерден жасайды. Еш қоспасыз, табиғи өнімдерді өндірудегі мақсаты – өзін-өзі жұмыспен қамту арқылы отандық кәсіпкерлікті дамыту.

Гүлфайруз алма және апельсин секілді жемістерді Байзақ ауданынан алып отырғанын айтады. Бүгінде тұтынушылар тарапынан түсіп жатқан тапсырыстар саны да күн санап артуда екен.

«Егер отандық өнімге деген сұраныс жақсы болса, бір күнде 200 қорапқа дейін чипсі шығарып беруге дайынмын. Бұл өнім әсіресе диета ұстайтын азаматтар мен балаларға өте пайдалы. Ешқандай химиялық қоспасы жоқ, таза өнім», - дейді жас кәсіпкер.

Ол шығарған өнім­дерін әзірге Instagram әлеуметтік желісі арқы­лы жар­намалап сатуда. Алдағы уақытта аудан, облыс орталығындағы сауда орындарымен келісіп, өнімін кеңінен таратуға ниетті.

Мемлекеттің қол­дауын көріп отырған Гүлфай­руз Рахметова енді өңірде отан­­­дық өнімдер топтас­ты­рыл­ған дүкендер желісі құ­рыл­са екен деп тілейді. Сол арқылы өзімізден шығатын өнімдер бір жер­­де сатылып, халықтың да сұра­­ны­сына ие болар еді деген ойда.

«Чипсілер 35-50 грамдық қалташаға салынған, бағасы да қолжетімді. Бір қалташаға жұқалап тілінген 3-4 жеміс сыйып кетеді. Бұл дегеніңіз, бір бала мультфильм көріп отырып-ақ, сол мөлшердегі витаминдерді бойына сіңіре алады деген сөз. Ал 3-4 алманы оларға бір күнде жегізе алуымыз екіталай», - дейді Г.Рахметова.


Жоғары қарай