Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына арналған республикалық байқау өтті

2021 жылдың 10 желтоқсан 2021 22:40

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы қаласында «Ұлы даланың ұлтаралық тілі» республикалық форумы аясында қазақ халқының көрнекті ақыны Ж. Жабаевтың туғанына 175 жыл толуына орай «Жамбыл Жабаев - Ұлы дала абызы» атты республикалық байқау өтті. Мемлекеттік тілді дамытуға бағытталған және Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған байқау Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазылар алқасының құрамында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры Ө. Әбдіманов, қоғам қайраткері, жазушы Н. Қапалбекұлы, тележурналист, Халықаралық бизнес университетінің оқытушысы, «техника және сөйлеу мәдениеті» инновациялық әдісінің авторы Т. Сайдуова, Ж. Жабаевтың немересі, Ж. Жабаев атындағы Әдеби-мемориалдық мұражайдың жетекшісі С. Жамбылова, қоғам қайраткері, жазушы, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Қ. Әлпейісова болды.

Байқауға қатысушылар үш номинация бойынша өнер көрсетті: «Жамбыл Жабаевты оқи отырып...», «Жамбыл Жабаевқа хат», «Жамбыл Жабаевтың шығармашылығы суреттер арқылы».

Қазылар алқасының шешімімен І орынды – Ақмола облысының орыс этномәдени бірлестігінің өкілі В. Клепцова, ІІ орынды – Түркістан облысының тәжік этномәдени бірлестігінің өкілі Н. Ташметова, ІІІ орынды – Ақтөбе облысының украин ұлттық-мәдени орталығының өкілі К. Клименко жеңіп алды.


Жоғары қарай