Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Жамбылда 12 жасар қыздың зорланғандығы туралы ақпарат тарады

2021 жылдың 21 қыркүйек 2021 12:16

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысында он екі жасар қыздың зорланғаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жамбыл облысында он екі жасар қызды 35 жастағы ер адамның зорлағаны туралы ақпарат тарады. Жаға ұстататрлық жайт Меркі ауданында орын алған. Тараған мәліметте күдіктінің мектеп оқушысымен Instagram әлеуметтік желісінде танысқандығы айтылуда.

Мәселенің мән-жайын білу үшін облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне хабарласқанымызда, Меркі ауданының полиция бөліміне Жамбыл облыстық балалар ауруханасына Меркі ауылының кәмелетке толмаған тұрғыны жүгінгені туралы хабарлама түскендігін мәлім етті.

«Сотқа дейінгі тергеу аясында бірқатар тергеу әрекеттері мен қажетті сараптамалар жүргізілді. Аталған дерекке қатысты Меркі АПБ ҚР ҚК 120-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. ҚР ҚІЖК 201-бабына сәйкес тергеу мүддесінде істің мән-жайы жария етілмейді»,-делінген ведомство хабарламасында.


Автор Сая Сембай
Басты сөздер: Жамбыл облысы, Оқиға, ҚР ІІМ,
Жоғары қарай