Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Жамбылда автобус жүргізушілері бір күнде 150-ден астам жол ережесін бұзған

2021 жылдың 14 маусым 2021 07:48

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбылда автобус жүргізушілері тарапынан бір күнде жол қозғалысы ережелерін бұзудың 157 дерегі анықталды,- деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жамбыл облысы аумағында «Автобус» атты республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды. Іс-шара барысында көліктік бақылау инспекциясының аумақтық бөлімшелерімен, Мемлекеттік кірістер департаментімен және өзге де мүдделі органдардың өкілдерімен бірлесіп, жолға шығар алдында қалалық автобустардың техникалық жай-күйін, жүргізушілердің тіркеу құжаттарының болуы тексеру жүзеге асырылады.

«Республикалық іс-шараның бірінші күні қоғамдық көлік жүргізушілері тарапынан жол қозғалысы ережелерін бұзудың 157 дерегі анықталды. Нақтырақ айтқанда 30 автобус жүргізушісі маневр ережелерін бұзса, 30 жүргізуші қозғалыс кезінде телефонды пайдаланғаны белгілі болды. Жылдамдық режимін бұзудың 15 дерегіне әкімшілік хаттама толтырылып, үш автобус айып тұрағына қойылды», – деп атап өтті Жамбыл облысы ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Рахымберді Әшкеев.

Барлық бұзушылықтар бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылған. Сонымен қатар полиция қызметкерлері жолаушылар мен жүктерді қоғамдық көлікте заңсыз тасымалдаудың алдын алу бойынша тиісті шаралар қабылдауда.

Ағымдағы жылдың басынан бері облыс жолдарында автобус жүргізушілерінің кінәсінен екі ЖКО тіркеліп, үш адам жарақат алған.


Автор Сая Сембай
Басты сөздер: Жамбыл облысы, Қоғам, Көлік,
Жоғары қарай