Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Жамбылда есірткі жеткізетін ірі арнаның жолы кесілді

2022 жылдың 18 сәуір 2022 22:15

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбылдық полицейлер еліміздің батыс өңірлеріне есірткі жеткізетін ірі арнаны анықтап, жолын кесті,- деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Полиция қызметкерлері республикалық маңызы бар Батыс Еуропа – Батыс Қытай тасжолының 532 шақырымында Жамбыл ауданы Айша-бибі ауылының маңында Түркістан облысының 36 жастағы тұрғынының басқаруындағы BMW Х5 автокөлігін тоқтатты. Ер адам көлігін тастап, жаяу қашпақ болған, алайда бірден ұсталды.

Тексеру барысында оның көлігінің жүк салғышынан жалпы салмағы 200 келі кептірілген марихуана есірткі заты салынған 8 қап табылды.

Күдіктінің айтуынша, ол есірткіні өткен жылдың тамыз айында Шу ауданының аумағында дайындаған.

Ұсталған азамат кінәсін толық мойындап, Жамбыл аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Осы бапқа сәйкес оның мүлкін тәркілей отырып, он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Осы қылмысқа қатысы бар болуы мүмкін басқа да тұлғаларды анықтау бойынша бірқатар жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілуде.

Осыған дейін аса ірі мөлшерде есірткі сақтаған Жамбыл облысы тұрғынының 7 жылға сотталуы мүмкін екені туралы жазғанбыз.


https://www.inform.kz/kz/asa-iri-molsherde-esirtki-saktagan-zhambyldyk-7-zhylga-deyin-sottaluy-mumkin_a3923111


Жоғары қарай