Ауа райы
Астана -13 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Жамбылда қар құрсауында қалып қойған 51 адам құтқарылды

2020 жылдың 29 қараша 2020 17:10

ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Жамбыл облысында 51 адам қар құрсауынан құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 28 қараша сағат 13:25 шамасында Жамбыл облысы Жуалы ауданында республикалық маңызы бар «Алматы-Термез-Ташкент» автожолында (576-593 шақырым) 51 адам құтқарылған.




Департаменке қарасты 5 қызметкер мен екі техника қар құрсауында қалған 21 автокөліктің ішінен 51 адамды құтқарған. Оның ішінде 12-сі - бала.

Одан бөлек, 3 адам басқа жерге эвакуацияланды.

Автожолдың тазартылған учаскесіне 21 жеңіл автокөлік сүйреп шығарылды.

«Құрметті жүргізушілер! Жолда абай болыңыздар. Құтқарушылардың кеңесіне құлақ асыңыздар. Ауа райының нашарлауы, бұрқасын, тұман және көктайғақ туралы SMS хабарлама алсаңыз, мүмкіндігінше жолға шықпауға тырысыңыз» деп ескертеді департаменттен.



Жоғары қарай