Ауа райы
Астана 14 °С
Алматы 26 °С
валюта бағамы
USD 413.12
EUR 452.86
RUB 5.82
CNY 57.92

Жамбылда коронавирусты анықтайтын 3 мың экспресс тест сатып алынды

2020 жылдың 7 сәуір 2020 07:41

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысында коронавирусты анықтайтын 3 мың экспресс тест сатып алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Жамбыл облысы әкімдігіне сілтеме жасап.

Аймақта коронавирус инфекциясының таралу деңгейі тұрақты. Алайда, шектеу шараларын қолдануға байланысты өзекті мәселелер туындауда. Бұл туралы бейнеселекторлық режимінде өткен облыстық жедел штаб отырысында айтылды. Штаб басшысы, облыс әкімі Бердібек Сапарбаев қауіпті инфекция анықталған азаматтар оқшауланып, қажетті медициналық көмек алып жатқандығын, олардың денсаулық жағдайлары тұрақты екендігін атап өтті.

Сондай-ақ, басқосуда облыс әкімінің орынбасары Ержан Жылқыбаев коронавирус инфекциясына қарсы шаралар туралы ақпаратпен бөлісті.

6 сәуірдегі ахуалға сәйкес облыс бойынша 2 000-ға жуық адам карантинге алынған. Оның карантин режимдегі госпитальда жатқаны 1190 адам болса, үй карантиніне 813 адам оқщауланған. Анықталғандай, инфекция табылғандардың барлығы дерлік республиканың басқа аймақтарында және шетелде болып келгендер. Облыс бойынша науқас және ауруға күдікті азаматтар үшін 1 364 төсек-орын дайындалған, оның 490-ы резервте тұр. Инфекцияның жаппай таралуының алдын алу мақсатында ҚР Үкіметінің резервінен Жамбыл облысына медициналық препараттарды сатып алуға 536,9 млн теңге бөлінген. 3 мың экспресс тест сатып алынды. Өңірдегі фармацевтикалық фабрикада және шағын цехтарда медициналық маска шығарылуда.

Б. Сапарбаев дәл қазір барынша жедел әрі батыл әрекет ететін сәт екендігі алға тартты. Мұндай жағдайда салғырттық жол берілмеу керектігін, сонымен қатар, пандемия әлі шырқау шегіне жетпегендігін тілге тиек етіп, жұмыла жұмыс жасау, күшейтілген режимде әрекет ету қажеттігін баса айтты.

Ол сондай-ақ бірінші кезектегі қажетті азық-түлік бағасын тұрақты мониторингілеу маңыздылығына назар аударды. Мемлекет бірқатар әлеуметтік маңызы бар өнімдерге шекті бағаны енгізді.

Жоғары қарай