Ауа райы
Астана 16 °С
Алматы 27 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Жамбылда Көрпе Fest жеңімпаздарына 30 тігін машинасы беріледі

2020 жылдың 28 ақпан 2020 10:29

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Тараз қаласында «Көне Тараз» тарихи-этномәдени кешенінің көрме залында Жамбыл облысы әкімдігінің қолдауымен «Көрпе Fest» мегафестивалі өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

7-9 наурыз аралығында өтетін көрмеде әйгілі этнодизайнер, «Алтын сапа» сыйлығының лауреаты, «Алтын орда» авторлық дизайн үйінің негізін қалаушы Ырза Тұрсынзада мен оның шәкірттерінің туындыларымен танысуға болады.

Фестиваль Елбасының «Рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» мақалалары аясында төл өнерді дамыту және ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу мақсатында ұйымдастырылып отыр.

Сондай-ақ, фестиваль барысында Ырза Тұрсынзаданың «Аналар аманаты» атты ақысыз тренинг-семинары ұйымдастырылмақ.




Шара жеңімпаздарына сертификат және 30 тігін машинасы, эксклюзивті маталар сыйға беріледі.





Жоғары қарай