Ауа райы
Астана -16 °С
Алматы -14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Жамбылда қойшыдан 15,5 келі марихуана тәркіленді

2020 жылдың 26 қараша 2020 07:18

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбылда 62 жастағы қойшыдан 15,5 келі марихуана тәркіленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жамбылдық полицейлер «Допинг» іс-шарасы барысында есірткі қылмысының 30 дерегін анықтады. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

«20 қарашада Ақыртөбе ауылының маңындағы жайылымда қой бағып жүрген Жамбыл облысының 62 жастағы тұрғыны ұсталды, одан 15 келі 500 грамм кептірілген марихуана табылып, тәркіленді. Бұл фактіге қатысты Қылмыстық кодекстің 296-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Күдікті өз кінәсін мойындады және қамауға алынды», - делінген хабарламада.

Бұдан басқа Жамбыл облысында орналасқан 15 дәріхана, 18 дәрі қоймасы, 6 емдеу мекемесі, 3 өндірістік кәсіпорын тексерілді.

Полиция қызметкерлері заңсыз айналымнан 2 келі гашиш, 22 келі марихуана, құрамында есірткі және психотроптық заттары бар 1 480 ампула тәркіледі.



Жоғары қарай