Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы -6 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Жамбылда «қызыл сызыққа» қарамай салынған 74 нысан сүрілді

2020 жылдың 4 желтоқсан 2020 04:32

ТАРАЗ.ҚазАқпарат – Жамбылда облысында «қызыл сызыққа» қарамай құрылыс жүргізген 123 нысан анықталып, оның 74-іне шара қолданылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгінде өңірде «Қызыл сызық» нормаларын бұзған 123 нысанның 74-іне қатысты шара қолданылған.

Оның ішінде 35 нысанның меншік иелері өз еркімен бұзса, 39 нысанды арнайы техника күшімен алуға тура келген.

Ал, қалған 49 нысанға тиісті шара қабылдау үшін аудан әкімдіктері жұмыс атқарып жатыр.

Бұл туралы ӨКҚ ақпарат алаңында өткен брифинг барысында Жамбыл облысы әкімдігі сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Арман Әбдешов айтып өтті.

Сондай-ақ, спикер мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылуы бойынша жасалып жатқан жұмысқа тоқталды.

«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында «Мемлекеттік қала құрылысы кадастрын» құру және жүргізу бойынша 2018 жылы іс-шаралар жоспары бекітілді. Соған сәйкес, қалалар мен аудан орталықтарының инженерлік жүйесін түгендеу жұмысы атқарылды. Жалпы Жамбыл облысында 371 елді мекен бар, оның ішінде 366 елді мекен бас жоспар және оңайлатылған сызба жобамен қамтамасыз етілген», - деді, Арман Әбдешов.

Сондай-ақ, «КАЗГИСА» ЖШС Тараз қаласы геопорталының техникалық платформасын өрістету жұмысын жүргізіп, аталған геопортал e-jambyl.kz домен атауымен іске қосылғаны айтылды.

«Аталған геопортал e-jambyl.kz домен атауымен жұмыс істеп тұр. Осы геопортал арқылы мемлекеттік қызметтер цифрландырылады. Яғни Тараз қаласы бойынша қала құрылысы жобалары, инженерлік желілерді түгендеу шекаралары, бос жер телімдері, ғимараттар мен көше жолдары желісі жайлы және өзге де ақпараттарды алуға, енгізуге арналған. Жалпы бүгінде Тараз қаласының өңірлік геоақпарат жүйесін әзірлеу жұмысы - 95,83 пайыз»,-дейді басқарма басшысы.

Автор Сая Сембай
Басты сөздер: Заң, Жамбыл облысы, Құрылыс,
Жоғары қарай