Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Жамбылда мас жүргізуші 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды

2021 жылдың 25 қараша 2021 22:54

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысында мас жүргізуші 7 жылға көлік басқару құқығынан айырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жамбыл облысы Полиция департаментінің қызметкерлері Жуалы ауданы Бәйтерек ауылының аумағын патрульдеу кезінде 47 жастағы жергілікті тұрғынның басқаруындағы Nissan Sunny маркалы автокөлігін тоқтатты.

«Тексеру барысында полицейлер ер адамның автокөлікті мас күйінде басқарғанын анықтады. Тәртіп бұзушыға ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Көлік айып тұрағына қойылды»,-делінген полиция хабарламасында.

Кінәлі жүргізуші Жуалы аудандық сотының қаулысымен 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынып, 7 жыл мерзімге көлік жүргізу құқығынан айырылды.


Жоғары қарай