Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Жамбылда мас жүргізушінің кінәсінен болатын жол апатының саны едәуір артқан

2021 жылдың 8 сәуір 2021 23:53

ТАРАЗ. ҚазАқпарат –Биылғы үш айда Жамбыл облысы аумағында жол-көлік оқиғаларының саны 8,7 пайызға төмендеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Осылайша өңірдегі жол апатының көрсеткіші республикалық маңызы бар автожолдарда 3,8 пайызға, жергілікті маңызы бар автожолдарда 29,6 пайызға және қалалар мен елді мекендердің көше-жол желілерінде 6,6 пайызға төмендеген.

Жалпы алғанда жолдағы қауіпсіздік жағдайын анықтайтын негізгі фактор - жүргізушілер мен жаяу жүргіншілердің немқұрайлығы.

Талдау нәтижесі көрсеткендей, жыл басынан бері тіркелген 211 оқиғаның 209-ы жүргізушілердің кінәсінен болған.

«Мәселен, республикалық көлік жолдарында жүргізілген хронометражға сәйкес, облыс аумағы бойынша тәулігіне 8 мыңнан астам автомобиль,оның ішінде жеңіл автомобиль саны - 6 мың 984 және 1 мыңнан астам ауыр жүк көлігі өтеді. Қолдағы бар статистикаға сүйенсек, ЖКО-ның басым бөлігі жүргізушілердің кінәсінен жол қозғалысы ережелерін сақтамаған кезде жасалады: жылдамдық режимін асыру, бағдаршамдар мен жол белгілерінің сигналдарын елемеу, тиісті қашықтықты сақтамау, қарама-қарсы қозғалыс жолағына шығу және басқалар. Алайда, автокөлікті мас күйінде жүргізген жүргізушілердің кінәсінен болатын жол апатының саны едәуір артып отыр» делінген облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарламасында.

Айта кетейік, бүгінгі таңда жол қозғалысы ережелерін бұзудың алдын алу факторларының бірі – 10 жылжымалы постты қамтитын «Лассо» аппараттық-бағдарламалық кешені.

Оның көмегімен жыл басынан бері 9 671 заң бұзу дерегі тіркелді.

Автор Сая Сембай
Басты сөздер: Жол, Жамбыл облысы, Көлік, Оқиға,
Жоғары қарай