Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Жамбылда «Менің анам – полицей» атты ерекше байқау өтті

2021 жылдың 6 наурыз 2021 12:41

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысында «Менің анам-полицей» атты балалар суреттерінің байқауы мәреге жетті,- деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жамбыл облысы Полиция департаментінің басшылығы 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында ішкі істер органдары қызметкерлерінің балалары арасында «Менің анам – полицей» тақырыбында суреттер байқауын өткізді. Байқауға Жамбыл облысының ПД қызметкерлерінің 5-12 жас аралығындағы 20-дан астам балал қатысты. Оқушылар жұмысты ватмане, картон, кенеп секілді әр түрлі материалдарда орындап, суретті қарындаш, гуашь, акварельмен салған.

Қазылар алқасы жеңімпаздарды суреттің мазмұны, тақырыпқа сәйкестігі және орындау шеберлігі бойынша анықтады.

Меркі ауданының полиция бөлімі ювеналды полиция тобының аға инспекторы Динара Омарованың ұлы Нұржан Рашид, Жамбыл АПБ ювеналды полиция тобының аға инспекторы, полиция майорлары Наурызгүл Жұмкинаның қызы Аружан Бахтыбек пен Ақнұр Пірімқұлованың Радмир Жанболатұлының аналарының жұмыс күндерін бейнелеген суреттері жас санаттары бойынша үздік деп танылды.

Сондай-ақ, Жамбыл облысының полиция департаментінің Ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің арнайы сыйлығына ие болған Тараз қалалық ПБ 2-ПБ әкімшілік полиция бөлімінің әкімшілік практика тобының аға инспекторы полиция майоры Роза Төлепбергенованың ұлы Айсұлтан Тоқаштың суреті де мазмұндылығы жағынан айшықтала түсті.

Жеңімпаздар Халықаралық әйелдер күніне арналған салтанатты іс-шарада марапатталды.


Автор Сая Сембай
Басты сөздер: Жамбыл облысы, Қоғам,
Жоғары қарай