Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Жамбылда төрт айда 60 бала үйінен кетіп қалған

2021 жылдың 29 мамыр 2021 18:10

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысында төрт айда 60 бала үйінен кетіп қалған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ағымдағы жылдың 4 айының қорытындысы бойынша Жамбыл облысында кәмелетке толмаған балалардың үйінен кетуінің 60 дерегі тіркелді, өткен жылдың осыған сәйкес кезеңінен (32 дерек) 87,5% - ға артық. Бұл күндері барлық жасөспірімдер табылып, ата-аналарына қайтарылды. Оларды іздеуге еріктілер мен жанашыр азаматтар да белсенді қатысқан.

«Жамбыл облысының Полиция департаменті ата-аналардан қырағылық танытуды, балаларының бос уақытын және достық қарым-қатынастарын ұйымдастырып, қадағалауды сұрайды. Ересек адамдардың немқұрайлылығы кәмелетке толмағандарға қатысты, сондай-ақ олардың қатысуымен орын алатын заңға қайшы әрекеттер жасауға себеп болуы мүмкін», - деді Жамбыл облысының Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының бастығы Ардақ Мадимаров.


Автор Сая Сембай
Басты сөздер: Жамбыл облысы, Қоғам, ҚР ІІМ,
Жоғары қарай