Ауа райы
Астана -6 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 381.10
EUR 420.81
RUB 5.65
CNY 54.57

Жамбылда заңсыз сексеуіл тасымалдаушы құрықталды

2019 жылдың 5 шілде 2019 22:56

ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Жамбыл облысында патрульдік полиция батальонының қызметкерлері заңсыз сексеуіл тасып бара жатқан 45 жастағы Мойынқұм ауданының тұрғынын ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді. Оқиға ағымдағы жылдың 4 шілдесінде болған.

«Жамбыл облысында "Шу-Қордай" тас жолының 58-шақырымында "Камаз 53212" маркалы автомашина тексерілді. Нәтижесінде 45 жастағы Мойынқұм ауданының тұрғыны тиісті құжаттарсыз 4 текше метр сексеуілді алып бара жатқаны анықталды» делінген хабарламада.

Бүгінде аталған факті бойынша ҚР ҚК 339-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Сондай-ақ, сот-ботаникалық сараптама тағайындалды.

Айта кетейік, сексеуіл ағашы елімізде сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген өсімдіктер қатарына жатады.

Жоғары қарай