Ауа райы
Астана -10 °С
Алматы -5 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Жамбылда жаңа АӘК түрін 31 мыңнан аса отбасы алған

2020 жылдың 29 ақпан 2020 08:35

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап Жамбыл облысында 31 мыңнан астам көпбалалы отбасы жаңа мемлекеттік жәрдемақы алды.

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингте Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Жамбыл облысы бойынша департамент басшысының орынбасары Ольга Катилевская мәлімдеді, - деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Департамент басшысы орынбасарының айтуынша, атаулы әлеуметтік көмек берудің жаңа тәртібі бойынша мемлекеттік жәрдемақының мөлшері бала санына қарай есептелінеді. Яғни, 4 баласы бар отбасыларға 42 500 теңге, 5 балаға 53 125 теңге, 6 балаға 63 750 теңге, 7 және одан да көп балаларға 74 375 теңге төленуде.

«Аталған мемлекеттік жәрдемақыны енгізу Мемлекет басшысының ағымдағы жылғы 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әзірлеген атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тетіктерінде көзделген табысы аз және көпбалалы отбасыларды қолдаудың негізгі үш бағытының бірі болып табылады. Мемлекеттік жәрдемақы 4 немесе одан да көп кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын балалары бар барлық көпбалалы отбасыларға табысына қарамастан төленеді», деді Ольга Катилевская.

Сондай-ақ, спикер «Алтын алқа», «Күміс алқа» алған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған және «Ана даңқы» орденімен марапатталған көпбалалы аналарға жеке мемлекеттік жәрдемақы төленетінін де тілге тиек етті. Орташа мөлшері 16 160 теңгені құрайтын мұндай мемлекеттік жәрдемақыны 20 мыңға жуық жамбылдық әйел алады екен. Бұл мемлекеттік жәрдемақының төленуі реті өзгеріссіз сақталады.


Жоғары қарай