Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Жамбылда жүк көлігі мен жеңіл автокөлік соқтығысып, жолаушы көз жұмды

2021 жылдың 25 қыркүйек 2021 00:38

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Тұрар Рысқұлов ауданы аумағындағы «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» тасжолының 430-шақырымында Chevrolet Cobalt жеңіл автокөлігі мен «Погрузчик» техникалық көлігі соқтығысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Соқтығысқан жүк тиегіш көлігі жол жиегіне құлаған.

Жол апаты салдарынан Chevrolet Cobalt автокөлігінің жолаушысы оқиға орнында көз жұмды.

Ал жүргізуші түрлі жарақатпен Т. Рысқұлов ауданының орталық ауруханасына жеткізілді. Бұл туралы облыстық полиция департаметіның баспасөз қызметі хабарлады.

Автотиегіш жүргізушісі зардап шеккен жоқ. Аталған дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

«Жол-көлік оқиғасының себебі анықталуда, бірқатар сараптамалар тағайындалды.ҚР ҚІЖК-нің 201-бабы негізінде тергеу мүддесі бойынша тергеу әрекеттерінің мән-жайлары жария етілмейді»,- дейді Т.Рысқұлов аудандық полиция бөлімінің бастығы Олжас Омарбеков.


Автор Сая Сембай
Басты сөздер: Жамбыл облысы, Көлік, Жол, Оқиға,
Жоғары қарай