Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Жамбылда жыл басынан бері үйінен кетіп қалған 41 бала табылды

2022 жылдың 11 мамыр 2022 03:10

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жыл басынан бері жамбылдық полицейлер өз еркімен үйінен кетіп қалған 40-тан астам кәмелетке толмаған жасөспірімді ата-анасына қайтарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы полиция қызметкерлері айтып берді.

«Жыл басынан бері полицейлердің атсалысуымен облыс аумағында жоғалып кеткен 41 бала табылды. Балалардың үйден кетуінің ауыр салдары бар. Қадағалаусыз өмір сүре отырып, балалар қауіпке ұшырайды және көбіне қылмыстық және азғындық әрекеттерге тартылады. Құқық бұзудың алдын алу, сондай-ақ жолын кесу мақсатында біз күн сайын кәмелетке толмағандармен жұмыс жүргіземіз», – дейді Тараз полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі бөлімінің ювеналды полиция бөлімшесінің бастығы Әлішер Қалышев.

Оның айтуынша, б алаларды іздеуде «Лидер.кз» ұйымының еріктілері үлкен көмек көрсетеді.

«Сондықтан балалармен жан-жақты, кешенді жұмыс жүргізу керек деп есептеймін. Сондай-ақ ата-аналарды балаларының бос уақытын және қызығушылығын қадағалауға шақырамыз. Өз еркімен үйден кетудің ауыр зардаптарының алдын алатын ашық түсіндірме жұмыстарын жүргізу қажет « , – деп атап өтті ол.


Жоғары қарай