Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Жамбылдағы әскери бөлім қызметкері жарылыс туралы: Оқ-дәрілер жарылмауы тиіс еді

2021 жылдың 30 тамыз 2021 18:10

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 28349 әскери бөлім командирінің орынбасары подполковник Руслан Жылқыбаев қоймадағы өрттің қалай сөндірілгенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

– Өртенген қоймадағы инженерлік оқ-дәрілер техникалық сипаттамаларына қарай жарылмауы тиіс. Сондықтан әскери бөлімнің өрт сөндіру тобы өртті оқшаулау туралы шешім қабылдаған. Сонымен қатар, оқиға орнына жол патрульдік қызметінің өрт сөндіру бөлімдері жұмылдырылған.

Жарылыстардың себептерін құрамында білікті сарапшылары бар комиссия анықтауы керек.

Әскери бөлімнің өрт сөндіру командасы алғашқы сәттен бастап-ақ өртті сөндіруге кірісті. Қалған жеке құрам жақын маңдағы үйлердің тұрғындарын көшіруге көмектесті, оқиға аймағын қоршауға, әскери бөлімнің басқа объектілеріндегі күзетті күшейтуге кірісті.

Бөлімнің барлық әскери қызметшілері, жалпы саны 100-ге жуық адам аталған оқиға орнына тартылды».-дейді Руслан Жылқыбаев.



Жоғары қарай