Ауа райы
Астана 15 °С
Алматы 15 °С
валюта бағамы
USD 411.54
EUR 458.13
RUB 5.84
CNY 57.64

Жамбылдағы санитарлық бекеттерден 33 мыңнан аса жолаушы өткен

2020 жылдың 24 наурыз 2020 15:51

ТАРАЗ. ҚазАқпарат -Жамбыл облысындағы санитарлық–карантиндік бекеттерінде Бүгінге дейін 33 мыңнан астам адам тексерістен өтті,-деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

19 наурыздан бастап Жамбыл облысының республикалық маңызы бар жолдарында санитарлық-карантиндік бекеттер жұмыс істей бастады. Онда тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылып, ондаған медицина, полиция және прокуратура қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Олар жолаушыларды коронавирус туралы хабардар етіп, көлік қозғалысын бақылап, тұрғындардың дене қызуын өлшеу жұмысын атқаруда. Басты міндет - өңір халқының денсаулығын қорғау.

Күн сайын аталған бекеттер арқылы мыңдаған адам өтеді. Әрбір өтетін адамның мәліметтері сауалнама арқылы жазылып, медицина қызметкерлері тепловизор көмегімен дене қызуын өлшейді. Алдын алу бекеттері Қырғызстанмен шектесетін Қордай ауданында, Қарағанды облысымен шектесетін Мойынқұм ауданында, Түркістан облысымен шекаралас Жуалы және Сарысу аудандарында орналасқан.





Бекеттердегі медицина қызметкерлері автокөлік жүргізушілерінің және жолаушылардың денсаулық жағдайын тексереді, алдын алу шараларын жүргізеді, деректер бойынша сауалнама толтырады.

Осындай санитарлық-карантиндік бекеттер «Айшабибі» және «Қарасу» шекара маңындағы өткізу пунктерінде де жұмыс істеуде.

24 наурыздағы жағдай бойынша алдын алу бекеттерінде 11 211 автокөлік өтіп, 33 409 жолаушы тексерілген. Оларға 25 563 жадынама мен парақша таратылған.

Өңір тұрғындары мен қонақтары коронавирустың алдын алу және таралуына жол бермеу бойынша атқарылып жатқан іс-шараларға түсіністік танытуда.

Бүгінгі таңда Жамбыл облысы аумағында коронавирус инфекциясы тіркелген жоқ.








Жоғары қарай