Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Жамбылдық тұрғын жайылымнан 15 бас жылқысын таппай қалған

2021 жылдың 15 маусым 2021 05:14

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбылдық полицейлер құны 9 миллион теңгені құрайтын мал ұрлығын ашты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жамбыл ауданының полиция бөліміне 70 жастағы тұрғын хабарласып, жайылымдағы малы ұрланғанын айтқан. Жәбірленушінің сөзінше, белгісіз адамдар қараусыз жайылып жүрген 15 бас жылқысын алып кеткен.

Жамбыл облысы Полиция департаментінің бастығы Жанат Сүлейменовтің айтуынша, аталған дерек бойынша Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының және Жамбыл аудандық полиция бөлімінің қызметкерлерінен жедел-тергеу тобы құрылды.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлердің кәсібилігінің нәтижесінде Алматы облысында үш күдікті анықталып, ұсталды. 29 және 28 жастағы екі ер адам Жамбыл облысы Байзақ ауданының тұрғындары, 25 жастағы ер адам Жамбыл ауданының тұрғыны. Олар өз кінәсін мойындады.

«Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Жәбірленушіге келтірілген залалдың жалпы сомасы тоғыз миллион теңгені құрады. Полицейлер жылқыларды Алматы облысында тауып, иесіне қайтарып берді. Ауыл тұрғындарын малдарын қараусыз қалдырмауға шақырамын. Көбінесе мал ұрыларына иесіз мал оңай олжа болып жатады», – деп атап өтті Ж. Сүлейменов.




Жоғары қарай