Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Жәмила Бақбергенова екі дүркін Азия чемпионы атанды

2022 жылдың 22 сәуір 2022 14:11

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық спортшы Жәмила Бақбергенова әйелдер күресінен Азия чемпионы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Olympic.kz порталына сілтеме жасап.

Ұлан-Батор бозкілемінде ол 72 келі салмақ дәрежесінде қарсылас шақ келтірмеді. «Дөңгелек айналым» жүйесі бойынша өткен бәсекеде отандасымыз қарсыластарының бәрін жеңді. Атап айтқанда, Даваанасан Енхамар (Моңғолия), Светлана Окназарова (Өзбекстан), Никки Никки (Үндістан) мен Сумире Ниикура (Жапония) сынды мықты балуандардың жауырынын жерге тигізді.

Нәтижесінде, әйелдер күресінен Қазақстан құрамасының қоржынына екінші алтынды салды.

Айта кетерлігі, күрес түрлерінен Азия чемпионаты Моңғолия астанасы Ұлан-Баторда өтіп жатыр. Бұл - Жәмила Бақбергенованың Азия чемпионатындағы екінші алтыны. Ол бұған дейін 2020 жылы Нью-Делиде өткен Азия чемпионатында үздік атанған.

Ал кеше, жарыстың алғашқы күнінде Жәмиланың сыңары Мадина Бақбергенова 68 келі салмақта топ жарғанын жазған болатынбыз.


Басты сөздер: Моңғолия, Спорт,
Жоғары қарай