Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Жаңа қаулы: Әуежай мен теміржол вокзалына кіру тәртібі өзгерді

2021 жылдың 11 мамыр 2021 22:40

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Көліктегі бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

COVID-19 індетіне байланысты «қызыл» аймаққа жатқызылған өңірлерде «Ashyq» жобасына қатыспайтын әуежайларға күтіп алушылар мен шығарып салушылардың кіруі шектелетін болды.

Көліктегі бас санитар дәрігердің жаңа қаулысында осындай норма қарастырылған.

«Тәуекелі жоғары («қызыл» аймақ) өңірлерде, «Ashyq» жобасына қатысатын әуежайларды қоспағанда, күтіп алушылар және шығарып салушыларды әуежайлар ғимараттарына кіргізуді шектеу қамтамасыз етілсін», - деп жазылған құжатта.

Теміржол вокзалдарына да дәл осындай талап қойылып отыр. «Қызыл» аймақтағы өңірде «Ashyq» жобасына қатыспайтын вокзалдардың барлығында күтіп алушылар мен шығарып салушылардың ғимаратқа кіруіне тыйым салынды.

Қаулы қол қойылған сәтінен - 11 мамыр, сағат 20.15-тен бастап күшіне енеді.

Еске салайық, әуежай ғимараттарына жолаушылар «Ashyq» қосымшасы арқылы кіргізілетінін бұған дейін хабарлаған болатынбыз.



Жоғары қарай