Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Жаңа қаулы: Маңғыстауда карантин талаптары күшейтілді

2021 жылдың 7 қыркүйек 2021 20:34

АҚТАУ. ҚазАқпарат- Маңғыстауда карантин талаптары күшейтілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Маңғыстау облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің «Маңғыстау

облысының аумағында карантиндік шектеу шараларын қатаңдату туралы» 2021 жылғы 27 тамыздағы №19 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Облыстың бас санитарының қаулысына сәйкес, өңірде халыққа қызмет көрсету орталықтары 5 күндік жұмыс кестесіне ауысты. ПТР сынамасы теріс немесе бейтарап мәртебесі бар тұрғындар мемлекеттік қызметтерді кезексіз алады.

Коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау мақсатында Халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс күндері сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін адам қабылдайды. Ал сенбі, жексенбі күндері орталықтар жабық болады.


Жоғары қарай