Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Жаңа қаулы: Нұр-Сұлтанда ашық ауадағы атракциондардың жұмысына тыйым салынды

2021 жылдың 29 маусым 2021 20:23

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласы бас мемлекеттік санитар дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жаңа құжатта жабық ғимараттарда қалалық мәдени іс-шараларды өткізуге тыйым салынатыны айтылған. Мұндай шараларды тек онлайн форматта өтізкуге ғана болады.

Сондай-ақ, саябақ аумағында орналасқан ашық ауадағы аттракциондардың барлық түріне жұмыс істеуге тыйым салынып отыр.

«Ashyq жобасына қатысатын субъектілер (объектілер) үшін театрлардың, филармониялардың жұмысын отыратын орындар санының 20%-нан аспайтын толтырумен, көрермендерді қатардың ұзындығы бойынша арасында екі кресло қалдырып және қатарлар бойынша шахматтық тәртіппен отырғызып, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтаумен, акциялар өткізбей, жұмыс кестесін жұмыс және демалыс күндері сағат 10.00-ден 24.00-ге дейін белгілеумен ұйымдастыру қажет», - деп жазылған қаулыда.

Қаулы 2021 жылғы 2 шілдеде сағат 00:00-ден бастап күшіне енеді.
Жоғары қарай