Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Жаңа қаулы: Шетелде вакцина алғандардың мәліметі модульге шілдеде енгізіледі

2021 жылдың 30 мамыр 2021 22:47

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанның бас санитар дәрігері Ерлан Қиясов шетелде вакцина алған адамдарды тіркеу тәртібі туралы Қаулы шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қаулы бойынша, коронавирус инфекциясына қарсы вакцинация жүргізуге тартылған медициналық ұйымдар шет елде екпе алған Қазақстан Республикасы азаматтарының мәліметтерін растайтын құжаттар ұсынылған жағдайда 2021 жылдың 1 шілдесінен бастап «Вакцинация» модуліне енгізеді.

Сондай-ақ, «QazVac» вакцинасын алған Қазақстан Республикасы азаматтарының мәліметтерін Білім және ғылым министрлігі модульге енгізетіні айтылған.

«ҚР БҒМ растайтын ақпарат ұсынған жағдайда «QazCovid-in» («QazVac») вакцинасымен КВИ-ға қарсы екпе алған Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институты қызметкерлерінің КВИ-ға қарсы вакцинациялануы туралы мәліметтерді Модульге енгізеді». Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының денсаулық сақтау басқармаларының жауапты адамдары Модульге КВИ-ға қарсы вакциналардың қозғалысы бойынша деректерді күн сайын енгізеді», - деп жазылған құжатта.


Жоғары қарай