Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Жаңа қаулы: Вакцина паспорты қағаз нұсқада да берілетін болды

2021 жылдың 30 мамыр 2021 22:12

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанның бас санитар дәрігері Ерлан Қиясовтың жаңа Қаулысы шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Құжатта «QazVac» вакцинасын алған Қазақстан Республикасының азаматтары мен шетел азаматтарына екпе қабылдағаны туралы мәлімет талап ету бойынша қағаз тасығышта 2021 жылғы 1 маусымынан бастап берілетіні айтылған.

Қаулы бойынша мүгедектер қатарындағы мүмкіндігі шектеулі адамдарды коронавирусқа қарсы вакциналау үй-үйде ұйымдастырылатыны жазылған.

«Мүгедектер қатарындағы мүмкіндігі шектеулі адамдарға үйіне барып, КВИ-ға қарсы вакцинация жүргізуді ұйымдастырады», - деп жазылған Қаулыда.

Жоғары қарай