Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Жаңа оқу жылында «Еңбекке баулу» пәні қайта енгізіледі

2022 жылдың 20 мамыр 2022 12:08

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биылдан бастап жаңа оқу жылында 1-сыныптан бастап «Еңбекке баулу» пәні қайта енгізіледі. Бұл туралы Сенаттағы жастарды қолдау тақырыбына арналған парламенттік тыңдауда Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Еңбекке баулудың ұрпақ тәрбиесіндегі маңызы зор екені белгілі. Сондықтан жаңа оқу жылында 1-сыныптан бастап «Еңбекке баулу» пәні қайта енгізіледі. Жоба ретінде мектептер жанында жылыжайлар ашу қолға алынады. Бүгіннің өзінде 7%-ға жуық мектепте бұл тәжірибе бар», - деді Е. Тоғжанов.

Оның айтуынша, алғаш рет биылдан бастап мектептерде 7-сыныптан бастап болашақ мамандықты таңдауға бағыттайтын «педагог-кәсіптік бағдар беруші» маманы енгізіледі.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Сенат төрағасы М. Әшімбаев барлық реформаның түпкі мақсаты да жастардың әл-ауқатын арттыруға әрі олардың дамуына жағдай жасауға арналғанын атап өтті .

Сонымен қатар ол университет бітірген түлектерге еңбек нарығында сұраныс жоқ екенін айтты.


Жоғары қарай