Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Жаңаарқа ауданында 12 көпбалалы отбасы қоныс тойын тойлады

2021 жылдың 24 желтоқсан 2021 20:33

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Жаңаарқа ауданында 12 көпбалалы отбасы баспаналы болды. «Жаңаарқа нұр» шағын ауданында екі пәтерлі үйлер «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша салынды. Оны салу кезінде Жаңаарқаның өзінде өндірілген құрылыс материалдар пайдаланылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аудан әкімі Юржан Бекқожин жаңа қоныстанушыларға кілттерді табыстап, жайлы тұру үшін үйлер толық жабдықталғанын атап өтті.

«Көпбалалы отбасыларды баспанаймен қамтамасыз ету – негізгі міндеттеріміздің бірі. Содан бері көп балалы отбасылар үшін жеке кезек құрылды. Үш жылдың ішінде біздің ауданда осындай 70 отбасы жаңа үйлердің кілттерін алды. Жыл басынан бері 39 тұрғын үй берілді. Біз қоныс иелерін ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен және келе жатқан Жаңа жылмен құттықтаймыз. Оларға жаңа үйде бақыт пен амандық тілеймін!» – деп құттықтады жаңа қоныс иелерін Юржан Бекқожин.

Гүлім Ұғзинова да жаңа жылды жаңа үйде қарсы алуға дайындалып жатыр. Келіншек тұрғын үй кезегін екі жыл күткен. Ол бес бала тәрбиелеп отыр.

«Жаңа жылды өз үйімде қарсы алатынымызға өте қуаныштымын. Балаларым бақытты. Бізге үй ұнайды, өте кең және жылы», – дейді көпбалалы ана.

Тәуелсіздік жылдарында Жаңаарқа ауданында 80 үй – 31 көпқабатты және 49 бір қабатты үй салынды.

Бүгінгі күні ауданда баспана кезегінде 840 адам тұр, оның 132-сі - «көпбалалы» санаты бойынша.











Жоғары қарай