Ауа райы
Астана -14 °С
Алматы 2 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Жаңаарқада Тәуелсіздік күніне орай ұлттық тағамдар челленджі басталды

2020 жылдың 12 қазан 2020 14:57

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының Жаңаарқа ауданында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Дәстүр мен ғұмыр» жобасы аясында ұлттық тағамдарды дайындау челленджі басталды. Шара Қазақстанның Тәуелсіздік күніне арналған.

Жаңаарқа ауданының әкімдігінде хабарлағандай, челленджді түсіруге «Балауса» бөбекжайы, С. Сейфуллин атындағы аудандық тарихи-өлкетану мұражайы және мәдениет үйі көмектесті.

Жаңаарқа аудандық мәслихат депутаты Бағдат Бекежанова қазақ халқының ұлттық тағамдарының бірі - қарын бүрме дайындады.

- Біз қарын бүрме дайындаймыз деп шештік. Бұл тағам өте сирек дайындалады. Біздің ата-бабаларымыз оны таза еттен жасады, бірақ біз рецептті сәл әртараптандырып, көкөністер, шөптер мен дәмдеуіштерді қосуды жөн көрдік. Біздің тағам өте дәмді болды, - деді Бағдат Бекежанова.

Қарын бүрме - бұл қошқардың асқазаны, дәмдеуіштері бар етпен толтырылған. Бұл тағамды дайындау үшін қошқардың тұтас қаңқасы кетуі мүмкін - бәрі қапшық ретінде пайдаланатын асқазанның мөлшеріне байланысты. Қазақстанның түрлі өңірлерінде тағам дайындау технологиясы ерекшеленген, бірақ оны әрқашан үйде, көшеде немесе жердегі көмірде өз шырынында пісіретін.

Жаңаарқалықтар қазіргі уақытта осындай сирек кездесетін тағамды дайындап, эстафетаны Ақтоғай ауданына жолдады. Келесі ұлттық тағамды ақтоғайлықтар әзірлейді.





Жоғары қарай