Ауа райы
Астана 8 °С
Алматы 6 °С
валюта бағамы
USD 389.59
EUR 429.06
RUB 6.05
CNY 55.07

Жаңаөзен қаласы әкімінің қызметтік көлігі айыптұраққа қойылды

2019 жылдың 20 қыркүйек 2019 13:24

ЖАҢАӨЗЕН. ҚазАқпарат – Жаңаөзен әкімінің мақсатсыз пайдаланылған қызметтік көлігі айыптұраққа қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«18 қыркүйек, сағат 00:30-да Ақтау қаласы, 7 шағын ауданда орналасқан мейрамхана жанында Жаңаөзен қаласының әкімдігіне тиесілі мемлекеттік нөмірі 106 РК Land Сruiser автокөлігінің тұрғандығы анықталды. Бақылау барысында автокөлік жүргізушісінде жұмыстан тыс уақытта мемлекеттік автокөлікті пайдалануға берілетін рұқсаты болмағандығы анықталды. Осыған байланысты, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 612-бабына сәйкес, мемлекеттік нөмердегі автокөлік айыппұл автотұрағына қойылды»,- ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл агенттігінің МО департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.






Анықталған дерекке байланысты тексеру жұмыстары жүргізілуде.


Жоғары қарай