Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Жаңаөзенде екі көлік соқтығысып, ер адам қаза тапты

2021 жылдың 19 маусым 2021 19:41

АҚТАУ. ҚазАқпарат- Жаңаөзенде екі көлік соқтығысты. Апат салдарынан бір адам қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарата тілшісі Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жол-көлік оқиғасы «Құрмаш-Ата—Жаңаөзен» тасжолында орын алды.

«Оқиға орнында 1967 жылы туған ер адам көз жұмды. Тағы төрт адам түрлі дәрежедегі жарақат алып, жедел медициналық жәрдем бригадасымен Жаңаөзен қалалық көпсалалы ауруханасына жеткізілді. 1983 жылы туған жас әйел шұғыл түрде анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөліміне жатқызылды», - делінген хабарламада.

Қазір бір науқастың жағдайы өте ауыр. Ол өкпенді жасанды желдету аппаратына қосылған.

1959 және 1981 жылы туған тағы екі әйел травматология бөліміне жатқызылды. Оларға мидың жабық жарақаты, контузия, тізе мен иық буынының контузиясы диагнозы қойылды.

Ал 1981 жылы туған ер адам алғашқы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін оң иық пен кеуде қуысының жарақатымен амбулаториялық емделуге жіберілді.

«Оның өміріне еш қауіп жоқ. Тіркелген жері бойынша емханада жалпы практика дәрігерінің бақылауында болады»,- делінген облыстық денсаулық сақтау басқармасы таратқан ақпаратта.


Жоғары қарай