Ауа райы
Астана 9 °С
Алматы 15 °С
валюта бағамы
USD 386.71
EUR 429.17
RUB 6.02
CNY 54.66

Жаңаөзенде уақытша қамау абақтысынан қашқандар ұсталды

2019 жылдың 22 тамыз 2019 20:07

ЖАҢАӨЗЕН. ҚазАқпарат – Полиция қызметкерлері бүгін іздеуде жүргендерді ұстады. Олар Жаңаөзен қаласында уақытша қамау абақтысынан қашқан болатын, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі департаменттің баспасөз қызметіне сілеме жасап хабарлайды.

Күдіктілердің 20 тамыз күні уақытша қамау абақтысынан қашып кеткені туралы ақпарат тараған еді.

Жаңаөзен қаласы Рахат ауданында орналасқан үйлердің бірінен табылған үш жігітке осыған дейін құқық қорғау органдарымен іздеу салынған болатын. Олар ҚР Қылмыстық кодексінің 192-бап (Қарақшылық) 2-бөлігі бойынша қылмысқа қатысты деп күдіктелуде.

Ұсталғандар уақытша қамау изоляторына жеткізілді. Желіде оларды полиция қызметкерлерінің ұстап жатқаны туралы видео да тараған.


Жоғары қарай