Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Жаңартылған Мәжіліс құрамында Ұлттық кеңестің 9 мүшесі бар - Ерлан Қарин

2021 жылдың 14 қаңтар 2021 16:47

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Президентінің кеңесшісі Ерлан Қарин жаңартылған Мәжіліс құрамына енген Ұлттық кеңес мүшелерін атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сайлау нәтижесінде Мәжіліс Парламентіне өткен үш партия қатарында бірқатар Ұлттық Кеңес мүшелері бар.

Мәселен, «Ак жол» партиясынан Дания Еспаева мен Қазыбек Иса, Халық партиясынан Жамбыл Ахметбеков, ал Nur Otan қатарынан Берік Әбдіғалиұлы, Ерлан Саиров, Қанат Нұров, Айдос Сарым, Бақытбек Смағұл және Бекболат Тілеухан сайланды.

Нәтижесінде жаңартылған Мәжіліс құрамында 9 Ұлттық Кеңес мүшелері бар. Бұл Кеңестің елдегі болып жатқан қоғамдық-саяси үрдістеріндегі атқарып жатқан зор рөлін айғақтайды.


Басты сөздер: Парламент, Ұлттық кеңес,
Жоғары қарай