Жанбота Алдабергенова фристайл-акробатикадан Әлем кубогінде 4-орын алды

РУКА. ҚазАқпарат - Финляндияның Рука аймағында фристайл-акробатикадан Әлем кубогінің екінші кезеңі өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Olympic.kz сайтының жазуынша, қазақстандық Жанбота Алдабергенова жүлдеге бір табан жақын болды. Ол жарысты төртінші орынмен аяқтады.
Бұл бәсекеде украиналық Анастасия Новоасад жеңіске жетті. Күмісті қытайлық Ментао Ксю, қоланы украиналық Ольга Полюк иеленді.
Еске салайық, бұған дейін Ж.Алдабергенова Әлем кубогі кезеңінің финалына жолдама алғанын жазған болатынбыз.