Ауа райы
Астана 0 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 431.03
EUR 471.76
RUB 5.85
CNY 61.32

Жанбота Алдабергенова фристайлдан Әлем кубогы кезеңінде «қола» алды

2020 жылдың 28 ақпан 2020 17:00

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыдағы «Ой Қарағай» таулы курортында өтіп жатқан шаңғы акробатикасынан әлем кубогі кезеңінде қазақстандық Жанбота Алдабергенова ел қоржынына алғашқы жүлдені сыйлады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ол жекелей сында украиналық Надежда Махнатская мен америкалық Меган Никкеге ғана есе жіберіп, үздік үшінші орынға ие болды.

Айта кетейік, бүгін Алматыда алауы тұтанған аталмыш додада ел намысын Олимпиада ойындарының қола жүлдегерлері мен Әлем кубогы кезеңдерінің жеңімпаздары Юлия Галышева, Дмитрий Рейхерд, Павел Колмаков, Аяулым Әміренова, Сергей Романов, Жанбота Алдабергенова, Ақмаржан Қалмырзаева қорғап жатыр.

Фристайлдан Әлем кубогының кезеңдері 1980 жылдан бері жыл сайын өтіп келеді.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Алматыда өтетін фристайлдан Әлем кубогы кезеңдеріне 17 елдің спортшылары қатысатыны туралы жазған болатынбыз.


Автор Күнсұлтан Отарбай
Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай