Ауа райы
Астана -19 °С
Алматы -7 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Жаңбыр, тұман, бұрқасын: Жұма күні ауа райы қандай болады

2020 жылдың 23 қазан 2020 01:10

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 23 қазанда ауа райы жауын-шашынды болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Скандинавия аймағынан келген циклонның әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады, жел күшейеді, кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады.

Тек еліміздің оңтүстік-батысында ғана солтүстік-батыс антициклонының әсерінен күн ашық болады.

Шығыс Қазақстан, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ күтіледі, жел қарқыны 25 м/с дейін күшеюі мүмкін. Шығыс Қазақстан облысында жаяу бұрқасын болады.

Ақмола, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде көктайғақ болады, жел жылдамдығы 15-20 м/с дейін күшейеді. Ақмола, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жаяу бұрқасын көтеріледі.

Қостанай, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақ болады. Жел екпіні - 15-20 м/с.

Түркістан, таңертен және күндіз Алматы облыстарының кей жерлерінде жел қарқыны 17-22 м/с дейін жетеді.

Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман түседі. Күндіз Батыс Қазақстан облысында жел жылдамдығы 15-20 м/с дейін күшейеді


Басты сөздер: Қазгидромет, Ауа райы,
Жоғары қарай