Ауа райы
Астана 3 °С
Алматы 7 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Жандарбек Бекшин коронавирустан жазылғандарға да маска тағып жүруге кеңес берді

2020 жылдың 7 тамыз 2020 17:38

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин онлайн брифинг барысында коронавирусқа қарсы антиденелердің бар-жоқтығына қарамастан, маска тағып жүруге кеңес берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«КВИ-ге қарсы иммунитет қаншалықты қалыптасатынын ешкім білмейді. Мысалы, менде коронавируспен ауырдым, бірақ мен маска тағамын. Вирус үнемі мутацияға ұшырап жатыр. Қалай болғанда да, маска тағу керек. Бұл қауіпсіздік үшін аса қажет»», - деді қаланың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин.

Бұған дейін, ол Алматыдағы эпидемиологиялық ахуал туралы айтқан болатын.



Жоғары қарай