Ауа райы
Астана 25 °С
Алматы 26 °С
валюта бағамы
USD 405.69
EUR 455.51
RUB 5.72
CNY 57.42

Жандарбек Бекшин: Өзін-өзі оқшаулау ережесін қатаң сақтау керек

2020 жылдың 25 сәуір 2020 17:30

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласының мемлекеттік бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин ата-аналардан балаларына ерекеше көңіл бөлуді сұрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өзін-өзі оқшаулау ережелерін қатаң сақтау керек. Сіздердің назарларыңызды мынаған аударғым келеді, соңғы уақытта коронавирус инфекциясын 14 жасқа дейінгі 40 бала жұқтырған. Яғни, балалар ата-анасыз өздері далаға шығып ойнап, қыдырып келеді. Тіпті инфекция жұқтыру қаупі жоғары жерде жүруі мүмкін. Сондықтан балаларды үлкендердің қарауынсыз қалдырмаңыздар. Үйден шығуға болмайды. Ата-аналар Сіздерден осыны қадағалауды сұраймын»,– деді онлайн брифинг барысында Алматы қаласының мемлекеттік бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин.


Жоғары қарай